Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Биыл 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Стипендиаттар қатарында танымал мәдениет майталмандары да, болашағынан үміт күттіретін д...